Lifestyle

Энрике Иглесиас Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды

Энрике Иглесиас Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды / фото: shutterstock

Аты аңызға айналған испаниялық әнші Энрике Иглесиас 3 қыркүйекте елордадағы «Астана Арена» стадионында, ал 5 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өнер көрсетеді. Бұл туралы Freedom Ticketon хабарлады.

Билеттер сатылымға қашан шығады

Билеттердің эксклюзивті алдын ала сатылымы тек Freedom SuperApp пайдаланушылары үшін 7 наурыз күні сағат 12.00-де басталады. Алдын ала сатылым бар болғаны 3 күнге (9 наурызды қоса алғанда) жалғасады. Секторға байланысты билет бағасы көрсетілген зал схемасы жарияланды. Билет бағасы 45 мың теңгеден басталады.

«Энрике Иглесиастың концертіне арналған тизер біздің Instagram парақшамызда небәрі 12 сағат ішінде 1 миллионнан астам қаралым жинады. Бұл қоғамның қызығушылығы өте жоғары екенін көрсетеді. Сатылым басталған күні платформаға түсетін салмақ әдеттегіден бірнеше есе көп болады деп болжап отырмыз. Билетті тек ресми сервистен сатып алуға шақырамыз. Қолдан сатып алу билеттің шынайылығына кепілдік бермейді», – деп атап өтті Freedom Ticketon коммуникациялар жөніндегі директоры Азамат Атагелді.

Билет сервисі стадионда орын шектеулі екенін және сұраныстың жоғары болатынын ескертеді. Сол себепті сатылымда электронды кезек арқылы жүзеге асады.

Манызды: билет бағасымен алдын ала танысуды және сатылым бастаған сәтте бірден тандалған секторларға өтуді сұраймыз. Бұл билетті жылдам және үздік орын алып үлгеруге көмектеседі. Кезегі келіп, билетті сатып алған адам концертке кіру құқын растайтын ваучер алады. Электронды билет концертке 3 күн қалғанда жіберіледі. Билет қайтарылмайды.

Энрике Иглесиас отыз жылға жуық шығармашылық жолында әр түрлі тіл мен мәдениетті біріктіріп, бірегей музыка бағытын қалыптастырды. Оның стадиондағы шоулары терең эмоция және энергиясымен ерекшеленеді, көрерменді баурап алатын сахналық шеберлігімен танымал.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы мен Астанада Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys сияқты әлемдік жұлдыздар жеке концерттерін өткізген еді.