Иранның «шаруасын реттеген соң» Трамп Кубаға көз салмақ

Иранмен «шаруаны реттеген соң» Трамп Кубаның мәселесіне кіріспекші. Бұл Вашингтон үшін «уақыт еншісіндегі іс». Бұл туралы Дональд Трамп мәлімдеді деп жазады Clash Report.
Дегенмен Ақ үй басшысының сөзінше, Куба АҚШ-пен мәмілеге келуге ниетті. Бұған дейін Трамп әкімшілігі елге баратын мұнай тасымалына тоқтау қойған еді.
«Куба да құлайды. Біз мұнай, ақша тасымалын тоқтаттық. Елдің жалғыз ресурсы болған Венесуэладан баратын барлық тасымалға кедергі болдық», – деген еді Трамп бұған дейінгі сөзінің бірінде.
Қазір АҚШ, Израиль және Иран арасындағы әуе шабуылдары әлі де жалғасып жатыр. Соғыстың аумағы да күн өткен сайын ұлғайып келеді. Бесінші наурызда Иран жақтан келген дрондар Әзербайжан аумағына құлады.
Баку Тегеранды айыптағанмен, Иран дрондарға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет сөзінше, қақтығыс Түркиядан Шри-Ланкаға дейінгі аймақты қамтуы мүмкін.