Кино қоры Роза Рымбаеваның фильміне қаржы бөлмеген

Жарияланды 6 Наурыз 2026 22:15

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Роза Рымбаева фильм түсіру үшін қаржы ала алмаған / Фото: Instagram

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өз өмірі жайлы фильм түсіру үшін Кино қорынан қаржы ала алмаған. Бұл туралы ол әнші «Замандас» подкастына берген сұқбатында айтты.

Ақпаратқа сүйенсек, ол ұлы Әли Оқаповпен бірге «Роза Рымбаеваның өмір жолы туралы» фильм түсіру идеясымен Кино қорына барған. Алайда Қор әншінің фильміне қаржы бөлуден бас тартқан.

«Комиссияда отырған адамдар өздері ақша алғысы келді», – деді әнші сұқбатында.

Алайда ол өзі туралы фильм түсіру идеясын аса құптамағанын, қазір де ондай ойы жоқ екенін айтты. Бұл оның ұлы Әли Оқаповтың идеясы екенін атап өтті. Оқапов анасының шығармашылығы, жұбайы Тасқын Оқапов қайтыс болғаннан кейін көрген қиындықтары туралы фильм түсіруді ойлаған.

Сондай-ақ, подкастта әншінің жеке концерті кезінде жас музыкант Yenlik-пен өнер көрсеткені және Еңліктің Рымбаеваның рөлін ойнауға келетінін де сөз етті.

Айта кетейік, осыған дейін Роза Рымбаева сахнаға шыққанына 50 жыл толуына орай өткізген концертінен түскен қаражатты мүгедек балаларды қолдауға жіберетінін Концерттен түскен қаражатын мүгедек балаларды қолдауға жіберетінін жазған едік..

Сондай-ақ оқыңыз