Көшербаев Түркия Сыртқы істер министрімен Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия СІМ басшысы Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды және шиеленісті азайтудың ықтимал жолдарын талқылады. Түрік тарапы Түркия мен Әзірбайжан аумақтарына әсер еткен әскери шабуылдарға байланысты алаңдаушылық білдірді.
Министрлер сондай-ақ екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін растады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы істер және көлік министрліктерінің қатысуымен бірлескен кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі азаматтарға аймақтағы белсенді соғыс қимылдары аяқталып, жағдай тұрақталғанға дейін Таяу Шығыс елдеріне барудан бас тартуды ұсынғанын жазған едік.