Жаңалықтар

Массачусетс институтымен бірлесіп мектептерге жаңа бағдарлама енгізілмек

Бағдарлама әрбір оқушыға жасанды интеллекттің жұмыс істеу қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған / фото: ЖИ
Бағдарлама әрбір оқушыға жасанды интеллекттің жұмыс істеу қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған / фото: ЖИ

Оқу-ағарту министрлігі Массачусетс технологиялық институтымен бірлесіп жалпы орта білім беру жүйесіне жаңа бағдарламасын енгізіп жатыр.

Министрліктің мәліметінше, ол Day of AI Qazaqstan деп аталады.

Бағдарлама әрбір оқушыға жасанды интеллекттің жұмыс істеу қағидаттары, қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, мүмкіндіктері, тәуекелдері және жауапкершілік туралы түсінік пайда болады.

Бастысы, жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, математика, физика, химия, биология, жаратылыстану және информатика сияқты негізгі пәндерді оқытудың жаңа форматтарын қалыптастырады.

«Бұл оқытудың практикалық бағытын күшейтуге, визуализация мүмкіндіктерін кеңейтуге, есептерді шешу мен жобалық жұмыстардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бастама ұлттық құндылықтар мен жасанды интеллект технологияларын ұштастыру негізінде әзірленуде», – делінген ақпаратта.

Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең оқушылар мен мұғалімдер арасында жасанды интеллект сауаттылығының негіздерін қалыптастыруға бағытталған.

Айта кететін жайт, мектепте ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту әдістемесі енгізіледі.