8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған доллар бағамы

Жарияланды 6 Наурыз 2026 18:00

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар теңге
Әйелдер мерекесі доллар бағамына әсер етпеді / фото: shutterstock

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі мен демалыс күндерге арналған доллар бағамы мәлім болды. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) валюта саудасы нәтижесінде 1 доллар 493,85 теңге болды.

Ұлттық банк дәл осы бағаны 7, 8 және 9 наурызға ресми бағам ретінде белгілейді. Доллар бір тәулікте 0,61 теңгеге қымбаттады. Айта кетейік, KASE-дегі сауда 494 теңгемен жабылды. Бүл күні 300 млн доллардан астам влаюта саудасы жасалды.

Елдегі валюта айырбастау мекемелерінде доллар бағасы айтарлықтай өзгермеді. kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында 1 доллар 494.5 теңгеден қабылданып, 495.6 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласында, әдеттегідей, бағам сәл өзгерек – 492 және 499 теңге.

Бұған дейін сарапшылар доллар 2026 жылдың аяғына қарай 590 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін екенін ескерткен.

Сондай-ақ оқыңыз