Мереке қарсаңында пойыздағы әйелдерге сыйлық таратылды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында мерекелік акция өткізді. Пойызға мінген мыңнан астам әйел жолаушыға гүл шоғы мен естелік сыйлықтар табыстады.
«Таңертеңнен бастап еліміздің әртүрлі бағыттарында қатынайтын пойыздарда жолсеріктер әйел жолаушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, гүлдер мен шағын сыйлықтар ұсынып келеді. Көптеген жолаушылар үшін мұндай ықылас күтпеген жағымды тосынсыйға айналып, шынайы қуаныш пен алғысқа себеп болды», – деп хабарлайды компания баспасөз қызметі


Акцияны «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен Kaztechnology компаниясы бірге ұйымдастырған. Жыл сайын елдегі пойыздармен 13 миллион жолаушы сапар шегеді. Олардың жартысынан астамын әйелдер құрайды.
Кей өңірлерді мереке қарсаңында әйелдерге арнап концерт ұйымдастырып, дастархан жаймақ. Бірақ миллиондаған қаржы тұратын кейбір шараларға тендер өткізілгенмен, өтпей қалған. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.