Жаңалықтар

Месси Ақ үйде Трамппен кездесті

фото: whitehouse

«Интер Майами» клубының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси АҚШ президенті Дональд Трамппен Ақ үйде өткен салтанатты қабылдау кезінде кездесті.

Аргентиналық футболшы шара өтетін залға Трамппен бірге кірді. Ішінде «Интер Майамидің» қалған ойыншылары күтіп тұрған.

2025 жылы Месси «қоқиқаздар» лақап атымен танымал «Интер Майами» сапында MLS Кубогын жеңіп алып, сондай-ақ лиганың Шығыс конференциясында бірінші орын алды.

Лионель Месси «Интер Майами» клубына 2023 жылдың жазында ауысты. Осы уақыт ішінде ол барлық турнирде 90 матч өткізіп, 79 гол соғып, 44 нәтижелі пас берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Ақ үйде португалиялық футболшы, Мессидің бәсекелесі Криштиану Роналдуны қабылдаған еді.