Қазақстан экономикасының нашарлауына негіз жоқ – Ұлттық банк төрағасы

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстан экономикасын ешқандай дағдарыс күтіп тұрған жоқ деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі көрсеткіштер өте жақсы және алдағы уақытта экономика әлемдік деңгейден де жылдам дамитын болады.
Үкімет экономика 5%-дан астам өседі деп жоспарлап отырса, Ұлттық банк бұл көрсеткішті 4,5% шамасында болады деп болжайды.
Төраға «неге базалық мөлшерлеме сонша жоғары?» деген сұраққа да жауап берді. Оның сөзінше, бұл – бағаның шарықтап кетпеуі үшін (инфляцияны тежеу) жасалып жатқан қадам.
Егер экономика жылдам өсіп, халық көп ақша жұмсай бастаса, банк мөлшерлемені сәл жоғары ұстау арқылы тепе-теңдікті сақтап отыруға тиіс.
Сәуір айында Ұлттық банк мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін қабылдайды. Ол кезде коммуналдық төлемдер (тарифтер) мен бензин бағасының өзгеруі ескеріледі. Дегенмен, Ұлттық банк Үкімет бекіткен бағаға емес, нарықтағы жалпы қымбатшылық деңгейіне (инфляцияға) көбірек көңіл бөледі.
2026 жылдың ІІ тоқсанында инфляци қарқыны баяуласа, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетіп, ақша-несие саясатын жұмсартуы ықтимал, Әзірге ондай негіз қалыптаспаған.
6 наурыздағы кезекті шешімінде Ұлттық банк үшінші рет базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.