
Белгілі әнші Жазира Байырбек Дубайдан орала сала Павлодар қаласына концертке барғанын айтты. Өнер иесі бұл туралы Instagram парақшасында жазба жариялап, елге аман-есен оралғанын жеткізді.
«Аллаға шүкір, елімізге аман-есен оралдық. Дубай – Маскат – Стамбул – Астана. Барлығы Алланың қалауымен болды. Әр кез тілекші болып, уайымдап хабарласып жатқан барша жанға үлкен рақмет. Алла баршамызды амандықта, тыныштықта ұстасын», – деп жазды әнші.
Сонымен қатар Жазира Байырбек сторис бөлімінде елге келе салысымен бірден жұмысқа кіріскенін айтты. Оның айтуынша, Астанаға жеткен соң бірден Павлодарға концертке ұшып кеткен.
Әншінің бұл жазбасына желі қолданушылары жылы пікір білдіріп, аман-есен оралғанына қуанып жатқанын жеткізді.
Еске сала кетейік, Таяу Шығыстағы Иранның әуе соққыларынан кейін, Жанболат пен Жазира қаншама күннен бері елге қайта алмай отырған еді.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 5 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен 2 463 қазақстандық эвакуацияланды.