Жеңіс Ысқақова және басқа да арулар президенттің қабылдауында болды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер қауымын қабылдап, олардың бірқатарын марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
«Бұл мейрам – мейірім мен жылулықтың, даналық пен сұлулықтың нышаны. Әйел – тіршіліктің тірегі, берекенің бастауы. Бұл – ақиқат», – дейді мемлекет басшысы.
Ақорда төрінде сөйлеген президент Қазақстан әйелдеріне алғыс айтып, марапат таратты. Мәселен, шахматтан әлемнің үш дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталады.
Өткен аптада ғана Кристина Шумекова конькимен жүгіруден жастар арасындағы бес дүркін әлем чемпионы атанып, Қазақстанның абыройын асқақтатты. Бүгін оған «Парасат» ордені табысталды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечинаға, Мәжіліс депутаттары Снежанна Имашева мен Екатерина Смышляеваға беріледі.
Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді. Осы атаққа депутат Ирина Смирнова да ие болды.