Нашар несие тарихын қалай түзетуге болады – сарапшы кеңесі

Қаржы сарапшысы Сұлтан Елемесов несие тарихын қалпына келтіру үшін қанша уақыт қажет екенін түсіндірді.
Ол Instagram желісінде оқырмандарының бірінің несие тарихын үлкен мөлшердегі қарыздардан кейін қалпына келтіруге бола ма деген сұрағына жауап берді.
Әйел адам бұрын бірнеше несие бойынша қиындыққа ұшырағанын, шағыннесие, ломбардтағы қарыздар және төлемдерді уақытында төлемеу жағдайларын айтқан. Қазір ол қарыздарын біртіндеп жауып, ағымдағы несие төлемдерін орындап жатыр.
Несие тарихының маңызы
Сарапшының айтуынша, қаржылық бедел адамның өмірінде шешуші рөл атқарады. Ол әсіресе несие тарихы болашақта адамға несие алу мүмкіндігін анықтайтынын атап өтті.
«Біздің беделіміз – ең маңызды активтердің бірі. Егер адамның мінсіз іскерлік беделі болса және уақыты болса, ол дерлік бәріне қол жеткізе алады», – дейді Сұлтан Елемесов.
Несиені кешіктірсе, қандай мәселе туындауы мүмкін
Елемесовтің сөзінше, көптеген адамдар несиені кешікітіріп төлеуді қалыпты жағдай деп жеңіл қабылдайды.
«Әсіресе бұл жаңа жұмысқа кірген, енді ғана қарыз алғандарға қатысты. Алайда мұндай шешімдердің ұзақ мерзімді салдары болуы мүмкін», – деп ескертеді ол.
Маманның айтуынша, егер несие тарихы бұзылған болса, болашақта банк қажетті жағдайда да қарыз беруден бас тартуы мүмкін.
Несие тарихын қалпына келтіру үшін қанша уақыт қажет
Сарапшы несие тарихын қалпына келтіруге біраз уақыт қажет екенін айтты. Орта есеппен бұл процесс 3-тен 5 жылға дейін созылуы мүмкін. Сонымен бірге ол ақшаға несие тарихын «тазарту» туралы ұсыныстар көбінесе алаяқтық екенін ескертеді.
«Ақшаға несиелік тарихты тазалаймыз деген адамдарға сенбеңіз. Үлкен қауіп – ол қаражатты жоғалту», – дейді сарапшы.
Қарыз алушылар не істеуі керек
Сұлтан Елемесовтің айтуынша, қаржылық беделді қалпына келтірудің ең дұрыс жолы – қарыздарды біртіндеп жабу және төлемдер бойынша оң тарих қалыптастыру.
Уақыт өте келе төлемдерді кешіктірмей тұрақты жүргізу несиелік рейтингті жақсартып, банктердің сенімін қайтарады.
Айта кетейік, Қазақстанда несие тарихы жоқ азаматтар енді 100 АЕК-тен асатын сомада онлайн микрокредит ала алмайды. 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш 4325 теңге деп бекітілгенін ескерсек, 100 АЕК 432 500 теңгені құрайды.