Әлиев Нахшыванға жасалған шабуылдан кейін қолдау көрсеткен Тоқаевқа алғыс айтты

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Иран тарапынан жасалған шабуылдан кейін қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді.
Әлиевтің айтуынша, ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахшыванға жасалған шабуылдарды айыптағаны және Әзірбайжанға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіреді.
«Иран тарапынан Нахшыванға жасалған шабуылдарды айыптағаны және Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы бауырластық әрі одақтастық қатынастар рухында елімізге қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін», — деп жазды Әлиев өзінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
I express my gratitude to the President Kassym-Jomart Tokayev for his condemnation of the attacks on Nakhchivan by the state of Iran and his support for our country, in the spirit of brotherly and allied relations between Azerbaijan and Kazakhstan. https://t.co/3INdGKk7Fh
— Ilham Aliyev (@presidentaz) March 7, 2026
Бұған дейін Әзербайжан СІМ Ираннан дипломатиялық персоналды шығаратынын жариялағаны хабарланған. Кеше Әзәрбайжан Қорғаныс министрлігі Нахшыван қаласына Иран тарапынан төрт дронмен шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Президент Ильхам Әлиев болған оқиғаны террорлық акт деп атады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас әрі стратегиялық одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған бұл әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.