Биатлоншы Герлиц 2026 жылғы Паралимпиадада спринттен 11-орын алды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Александр Герлиц трижды промахнулся на двух огневых рубежах спринта на Паралимпиаде-2026
Биатлоншы Герлиц 2026 жылғы Паралимпиадада спринттен 11-орын алды / Фото: ҰОК

Қазақстандық Александр Герлиц нысана көздеуде сәтсіздікке ұшырап, 7,5 шақырымдық биатлон спринтінде (тік тұрып жарысу) 11-орынды иеленді.

Бейжің-2022 ойындарының қола жүлдегері қашықтықты 19.17,9 (3) уақытында жүріп өтті. Бұл дисциплинада алтынды қытайлық Цай Цзяюнь (17.13,6 (0)) жеңіп алды. Күміс оның отандасы Лю Ксяобиннің (17.35,4 (0)) еншісіне тисе, қоланы неміс спортшысы Марко Майер (17.42,4 (0)) иеленді.

Бүгін Ербол Хамитов дәл осы қашықтықта, бірақ отырып жарысу санатында сегізінші болып мәреге жетті. Сергей Усольцев 18-орынды, Юрий Березин 25-орынды иеленді.

Медальдар есебінде Украина мен Австрия құрамалары көш бастап тұр. Украиналықтар биатлоннан екі жарыста (Тарас Рад пен Александра Кононова) жеңіске жетсе, австриялықтар тау шаңғысынан екі алтын (Вероника Айгнер мен Йоханнес Айгнер) алды.

6 ақпанда Веронада XIV Қысқы Паралимпиаданың салтанатты ашылуы өтті.

Сондай-ақ оқыңыз