Екі облыстағы тасжолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 7 наурызда сағат 10:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты шектеулер енгізілді.
Ақмола облысында қозғалыс «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 346-дан 407-шақырымына дейінгі учаскесінде – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Жақсы кентіне дейін жабық.
Солтүстік Қазақстан облысында шектеу осы тасжолдың 407-ден 429-шақырымына дейінгі учаскесінде – Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін қолданылады.
«Қазавтожол» деректері бойынша, аталған учаскелерде қозғалысты ашу алдын ала 2026 жылғы 8 наурызда сағат 09:00-ге жоспарланған.
Айта кетейік, Қазақстанның басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ пен тұман болатынын жазған едік.