Жаңалықтар

Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиадада биатлоннан 8-орын алды

Казахстанец Ербол Хамитов финишировал восьмым в биатлонном спринте на Паралимпиаде-2026
Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиадада биатлоннан 8-орын алды / Фото: paralympic.org

2026 жылғы қысқы Паралимпиаданың алғашқы жарыс күнінде 28 жастағы қазақстандық биатлоншы Ербол Хамитов екі ату кезеңі бар 7,5 шақырымдық спринтте (отырып жарысу) сегізінші орынға ие болды.

Бірінші ату кезеңінде бір рет мүлт кеткен біздің спортшы қашықтықты 20.47,2 (1) уақытында аяқтады. Алтынды украиналық Тарас Рад (19.55,5 (0)) жеңіп алды. Күміс қытайлық Минтао Людің (20.04.8 (0)) еншісінде кетсе, қоланы оның отандасы Жиксю Лю (20.13,1 (0)) иеленді.

51 жастағы қазақстандық Сергей Усольцев бірде-бір рет қате жібермей, 23.12,4 (0) уақытымен 18-ші болып келді. Ойындардың дебютанты 42 жастағы Юрий Березин 25-орынды иеленді – 25.40,9 (5).

Бүгін біздің биатлоншы, Бейжің-2022 ойындарының қола жүлдегері Александр Герлиц дәл осы қашықтықта, бірақ тік тұрып жарысу санатында бақ сынайды.

6 ақпанда Веронада XIV Қысқы Паралимпиаданың салтанатты ашылуы өтті.