Жаңалықтар

Иран АҚШ пен Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар санын жариялады

Иран АҚШ пен Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар санын жариялады / Фото: shutterstock

Иранда АҚШ пен Израиль соққылары салдарынан кем дегенде 1332 адам қаза тапты. Бұл туралы Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Әмір-Саид Иравани мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. Сонымен қатар, оның айтуынша, қаза тапқандардың арасында 180 астам бала бар.

Иравани АҚШ пен Израиль Иранға қарсы операцияларын жүргізу кезінде мектептерді, ауруханаларды және басқа да азаматтық инфрақұрылымдарды әдейі нысанаға алатынын мәлімдеді.

«Әуежайлар, мектептер, ауруханалар … және басқа да азаматтық инфракұрылымдар әдейі шабуылға ұшырап, қиратылды», — деді дипломат.

Иравани, сондай-ақ, Тегеранның соғыс пен шиеленісті қаламайтынын, бірақ ешқашан берілмейтінін баса айтты. Бұл ретте ол АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысын таңдау туралы мәлімдемелерін басқа мемлекеттердің ісіне араласпау принципін бұзу деп атады.

Осыған дейін Трамп Иранмен келісім жасасуға ниетті емес екенін және оның толық тізе бүгуін (капитуляциясын) талап ететінін айтты.