
Әзербайжанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) өкілдері Баку-Жейхан мұнай құбырын, Израиль елшілігін және синагоганы жарып жібермек болғанын мәлімдеді.
МҚҚ ақпаратына сүйенсек, террорлық актілердің жолы кесілді, үш жарылғыш құрылғы залалсыздандырылды, ИРСК-ге жәрдемдескені үшін сегіз адам ұсталды.
«Қоғамда дүрбелең туғызу және еліміздің халықаралық беделіне нұқсан келтіру мақсатында стратегиялық нысан – Баку-Жейхан мұнай құбыры, Израильдің Әзербайжандағы елшілігі, таулы еврейлер діни қауымдастығы жетекшілерінің бірі, сондай-ақ, «Ашкенази» синагогасы нысана ретінде таңдалған», – деп атап өтті арнайы қызмет.
Бұған дейін Әзербайжан СІМ Ираннан дипломатиялық персоналды шығаратынын жариялағаны хабарланған. Кеше Әзәрбайжан Қорғаныс министрлігі Нахшыван қаласына Иран тарапынан төрт дронмен шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Президент Ильхам Әлиев болған оқиғаны террорлық акт деп атады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас әрі стратегиялық одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған бұл әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.