
Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында жерасты суы көтерілуде. Халық биліктен көшіруді сұрап отыр. Алайда аудандық әкімдік бұл үшін үйлер апатты деп танылуы тиіс екенін мәлімдеді. Қазірше 43 мың адамы бар ауылда мұндай статусқа тек үш үй ғана ие. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Мұндай жағдай бірінші жыл емес. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жерасты суы көктемде көтеріліп, жазға дейін тұрып қалуы мүмкін. Ал күзде қайта шығады. Жағдайды вакуумдық сорғылармен түзетуге тырысуда. Олар суды айдап шығарғанымен, су қайта келіп жатыр.
«Жерасты суларының көтерілуіне байланысты уақытша шаралар қабылдануда. Қазір дренаждық жүйе құру туралы сөз болып отыр. Онда 20 жүйе орнатылған. Ал жақында тағы 5-6 жүйе қосылды. Сондықтан бұл жағдайда біз қол қусырып отырған жоқпыз», – деп түсіндірді Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Нұрмұхан.
Бұған дейін биыл Қазақстанда бес облысты су басу қаупі бар екенін жазған едік. Орталық, солтүстік және шығыс облыстарда топырақ терең қатып қалған, ал қыста қар мөлшері рекордтық деңгейде болды. Мұндай жағдайда күннің күрт жылынуы өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне және елді мекендерді су басуына әкеп соғуы мүмкін.