Милад Карими Бакудегі Әлем кубогы кезеңінде еркін жаттығудан күміс жеңіп алды

Жарияланды 7 Наурыз 2026 14:14

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Милад Карими, сборная Казахстана, спортивная гимнастика, Кубок мира, Баку
Милад Карими Бакудегі Әлем кубогы кезеңінде еркін жаттығудан күміс жеңіп алды / ҰОК

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының екінші кезеңінде еркін жаттығудан финалда екінші орын иеленді.

Финалдағы өнері үшін Карими төрешілерден 14,300 балл алды. Жеңісті беларусьтік гимнаст Егор Шарамков(14,533) иеленсе, қола жүлдені хорватиялық Аурел Бенович (14,100) еншіледі.

ОрынСпортшыЕлНәтижеҚалуы
1Егор ШарамковБеларусь14,533
2Милад КаримиҚазақстан14,3000,233
3Аурел БеновичХорватия14,1000,433

Спорттық гимнастикадан 2026 жылғы Әлем кубогының екінші кезеңі 5-8 наурыз аралығында Бакуде (Әзірбайжан) өтуде. Жалпы алғанда, жекелеген снарядтар бойынша он медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасынан жеті спортшы қатысуға өтінім берген.

Сондай-ақ оқыңыз