Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентінің мәлімдемесін құптады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентінің мәлімдемесін құптады / Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкианның аймақтағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған соңғы мәлімдемесіне қолдау білдірді, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті Иранның Уақытша басқарушы кеңесі қабылдаған көрші елдерге шабуыл жасаудан бас тарту туралы шешімін оң бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қадамды Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыру мен қақтығыстың өршуін тоқтату жолындағы маңызды бастама деп санайды.

Айта кетейік, бұған дейін Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші мемлекеттерге соққы беруді тоқтату туралы шешімнің мақұлданғанын және бұл қадам аймақтағы бейбітшілікті сақтауға бағытталғанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз