
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Қазақконцерт ұйымындағы жұмысы үшін 100 мың теңге жалақы алады. Бұл туралы әнші «Замандас» подкастына берген сұқбатында айтты.
Рымбаеваның айтуынша, ол 1979 жылдан бері Қазақконцертте жұмыс істеп келеді. Ол жерде өзінің арнайы студиясы бар. Зейнетке шыққанға дейін әншінің жалақысы 200 мың теңге болған, зейнетақы алып бастағаннан бері 100 мың теңге жалақы алатын болған.
«Қазақконцертте жоспар бойынша жалақыға жұмыс істейміз. Міндетті жоспарды орындау керек. Кеңес үкіметі кезінде 300 рубль жалақы алатын едік. Ол кезде бұл кәдімгідей ақша болатын», – деді әнші.
Бұдан бөлек, жеке келісілген шараларға барғаны үшін де ақша алып отыратын айта кетті.
Айта кетейік, бұған дейін Рымбаева өзі жайлы фильм түсіруге Кино қорының ақша бөлуден бас тартқаны туралы айтып берген еді.
Осыған дейін Роза Рымбаева сахнаға шыққанына 50 жыл толуына орай өткізген концертінен түскен қаражатты мүгедек балаларды қолдауға жіберетінін жазған едік.