Таяу Шығыстан 4700 қазақстандық елге оралды – СІМ

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Таяу шығыстан 4700 қазақстандық елге оралды – СІМ / Фото: gov.kz

Сыртқы істер министрлігі құзыретті органдармен бірлесіп, Таяу Шығыс қақтығысы аймағынан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастыруда.

Эвакуация басталғаннан бері резидент және резидент емес авиакомпаниялардың көмегімен барлығы 4700-ден астам қазақстандық үйіне оралды.

Авиарейстерден бөлек, азаматтарды шығару жерүсті жолымен де жүзеге асырылуда. Қазақстанның шетелдегі мекемелері 6 наурызда «Заркух» компаниясының қызметкерлері болып табылатын Қазақстанның жеті азаматын Иран-Армения шекарасына шығаруды ұйымдастырды.

Алдын ала ақпарат бойынша, «Заркух» компаниясы қалған 16 ҚР азаматын дәл осы бағыт бойынша шығаруды жоспарлап отыр. Барлығы Ираннан 66 азамат қайтарылды.

Қазақстанның аймақтағы дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерлердегі іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста отыр.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі азаматтарға өңірдегі белсенді соғыс қимылдары тоқтап, жағдай тұрақталғанға дейін Таяу Шығыс елдеріне барудан бас тартуды ұсынғанын жазған едік

Сондай-ақ оқыңыз