12 бағыт бойынша әйелдер вагондары жүреді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздары жыл сайын шамамен 13,5 млн адамды тасымалдайды. Олардың жартысына жуығы – әйелдер. Бұл жыл сайын шамамен 6 миллион әйел жолаушы деген сөз.
«Компания пойыздарында арнайы әйелдер вагондары жұмыс істейді, олар бүгінде 12 бағыт бойынша қатынайды», – деп атап өтті компаниядан.
Әйелдер тек жолаушы емес
Компанияның өзінде 3500-ден астам әйел қызмет етеді. Олардың ішінде 1256 жолсерік және билет кассаларының 401 қызметкері бар. Дәл осы мамандар күн сайын пойыздардың жұмысын қамтамасыз етіп, Қазақстан бойынша бағыттарда жолаушыларды қарсы алады.
«Мереке қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы барлық әйелдерге – жолаушыларға да, компания қызметкерлеріне де – сенім білдіргені, еңбегі және еліміздің теміржол саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтады», – деп толықтырды баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаған болатын. Мемлекет басшысы 8 наурыз әйелдерге деген ерекше құрмет пен алғыстың символы екенін атап өтті. Оның айтуынша, әйелдер қауымы шабыт сыйлап, қолдау көрсетіп қана қоймай, отбасы мен қоғамдағы ахуалды айқындауда үлкен рөл атқарады.