Ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше жол жабылды
Жарияланды

2026 жылғы 8 наурызда ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды «Қазавтожол«.
Ақмола облысы:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16 – 200 шақырымы (Астана қ. – Павлодар облысының шекарасы);
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 407 – 346 шақырымы (СҚО шекарасы – Жақсы кенті);
- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 30 – 92 шақырымы (Жібек жолы к. – Қарағанды облысының шекарасы).
Қарағанды облысы:
- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92 – 164 шақырымы (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау ақы алу пункті);
- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231 – 324 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті);
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1066 – 1135 шақырымы (Молодежный к. – Павлодар облысының шекарасы).
Павлодар облысы:
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135 – 1206 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті);
- «Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы» автожолының 0 – 112 шақырымы (Павлодар қ. – РФ шекарасы);
- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 0 – 231 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Қалқаман к.);
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200 – 431 шақырымы (Ақмола облысының шекарасы – Атамекен к.);
- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 426 – 587 шақырымы (Кенжекөл к. – Абай облысының шекарасы).
Абай облысы:
- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 587 – 733 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы – Семей қ.).
Еске сала кетейік, синоптиктер бүкіл Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады: елдің барлық дерлік аумағында жауын-шашын, боран, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.