8 наурызға қараған түні 11 рейс Таяу Шығыстан қазақстандықтарды елге жеткізді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
8 наурызға қараған түні 11 рейс Таяу Шығыстан қазақстандықтарды елге жеткізді / Фото: Shutterstock

8 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, Scat, FlyDubai және Air Arabia авиакомпанияларының 11 рейсі орындалып, отанға 1786 жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

8 наурызда қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялардың азаматтарды Қазақстан Республикасына қайтару бойынша тағы бірнеше рейсі жоспарланған.

3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 рейс орындалып, олармен елімізге 6254 адам оралды.

Қазақстан азаматтарын қайтару жөніндегі жұмыс уәкілетті мемлекеттік органдармен және авиакомпаниялармен үйлестіріле отырып жалғасуда.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі азаматтарға өңірдегі белсенді соғыс қимылдары тоқтап, жағдай тұрақталғанға дейін Таяу Шығыс елдеріне барудан бас тартуды ұсынғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз