Баян Алагөзова 8 наурызға сыйлыққа құны бірнеше пәтермен тең сағат алды

Жарияланды 8 Наурыз 2026 15:26

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Баян Алагузова
Баян Алагөзова 8 наурызға сыйлыққа құны бірнеше пәтермен тең сағат алды / Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстандық актриса және продюсер Баян Алагөзова Instagram-дағы оқырмандарына Халықаралық әйелдер күніне орай алған сәнді сыйлығын көрсетті.

Ол сторис бөлімінде сағат таққан қолының суретін жариялап: «Сегізіне дейін шыдай алмады» және «Рақмет саған, махаббатым», – деп жазды.

Суретке қарап, бұл шамамен Richard Mille RM 037 үлгісі екенін болжауға болады.

Cағаттың құны қанша?

Richard Mille RM 037 – швейцариялық «ультра-люкс» брендінің әйелдерге арналған моделі. Корпусы қызғылт алтыннан жасалған, көбінесе гауһар тастармен безендірілген, ал скелетонизацияланған циферблаты күрделі механизмді көрсетіп тұрады.

Фото: Instagram Баян Алагөзова

Chrono24 халықаралық алаңының мәліметінше, RM 037 моделінің құны безендірілу деңгейі мен жиынтығына байланысты 200 000 доллардан 450 000 долларға дейін жетеді. Толықтай гауһар таспен қапталған нұсқалары бұдан да қымбат бағаланады.

Мұндай сағаттың түпнұсқасы Алматыдағы бірнеше пәтердің немесе Bentley Bentayga немесе Lamborghini Urus сияқты люкс көліктердің бағасымен тең (олардың құны 350–450 мың доллардан басталады).

Скриншот с Chrono24

Алагөзованың күйеуі кім?

Баян Қазақстандағы алкогольсіз сусындар шығаратын ірі компаниялардың бірі — «Galanz Bottlers» негізін қалаушы, бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шыққан. Оның брендтерінің қатарында «Maxi Чай», Yellow лимонады, Dellos, Nestea және Laimon Fresh бар. Сондай-ақ бизнесмен Шымкент сыра зауыты мен JFood Kazakhstan («Цесна-Астық» концерні) кәсіпорындарына иелік етеді.

Тұрсенғали Алагөзов Қазақстанның ең бай адамдарының рейтингінде 61-орында тұр. Forbes оның дәулетін 130 млн долларға бағалайды. Ол сонымен қатар жомарттығымен де танымал: мәселен, өз компаниясының қызметкерлері үшін 100 пәтер сатып алып, бұған шамамен 2,5 млрд теңге жұмсаған. Сондай-ақ, жұмысшыларының ата-аналарына зейнетақысына үстемақы төлеуге уәде берген.

Сондай-ақ оқыңыз