Иран жоғарғы көшбасшыға қатысты консенсусқа қол жеткізілгенін мәлімделді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Иран наразылық
Иран жоғарғы көшбасшыға қатысты консенсусқа қол жеткізілгенін мәлімделді / фото: shutterstock

Сарапшылар кеңесі Иранның жоғарғы көшбасшысын таңдау бойынша консенсусқа қол жеткізді. Бұл туралы осы ассамблеяның мүшесі Мохаммад-Мехди Мирбагери мәлімдеді, деп хабарлайды Mehr агенттігі.

«Осы күндері Сарапшылар кеңесінің мүшелері жоғарғы көшбасшыны анықтау үшін күш салды және ол нәтижесіз болған жоқ. Бақытымызға орай, көпшіліктің пікірін білдіретін шешуші әрі нық ұстаным қалыптасты», – деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін қайтыс болған жоғарғы көшбасшы Аятолла Хаменеидің 56 жастағы ұлы – Моджтаба Хаменеи лауазымға басты үміткер болғаны хабарланған еді, бірақ әлі ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Кейінірек АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығының толық ауысуын қолдайтынын және Вашингтонда «жақсы көшбасшы» рөліне бірнеше ықтимал кандидат бар екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Трамп кандидаттардың ешқайсысын нақты атаудан бас тартты.

Еске сала кетейік, АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға қарсы операция бастады. Тель-Авив бұл операцияның мақсаты – Тегеранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу екенін айтты. Вашингтон ирандық флотты, қорғаныс өнеркәсібін жоюмен қорқытып, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды.

БАҚ хабарлауынша, зымырандар тек әскери нысандарға ғана емес, Ислам Республикасындағы және аймақтың басқа елдеріндегі азаматтық инфрақұрылымдарға да тиіп жатыр. Тегеран бұған жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы америкалық базаларға шабуыл жасауда.

Сондай-ақ оқыңыз