
Бакуде спорттық гимнастикадан 2026 жылғы Әлем кубогының екінші кезеңінде ерлер арасында соңғы алтыншы жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Қазақстандық Милад Карими кермедегі жаттығуларда күміс жүлдегер атанды. Оның отандасы Диас Тойшыбек жүлдеден бір қадам жетпей қалды.
Шешуші кезеңдегі өнері үшін Карими төрешілерден 15,033 ұпай алды. Жеңісті Тайвань өкілі Тан Цзя-Хун(15,366) иеленді. Қола медаль колумбиялық гимнаст Анхель Барахасқа (14,400) бұйырды. Тойшыбек 13,900 ұпаймен қорытынды кестенің төртінші сатысына жайғасты.
| Орын | Спортшы | Ел | Нәтиже | Қалыс қалуы |
| 1 | Тан Цзя-Хун | Тайвань | 15,366 | – |
| 2 | Милад Карими | Қазақстан | 15,033 | 0,333 |
| 3 | Анхель Барахас | Колумбия | 14,400 | 0,966 |
| 4 | Диас Тойшыбек | Қазақстан | 13,900 | 1,466 |
Карими үшін бұл күміс медаль Әзербайжан астанасындағы жарыстағы екінші жүлде болды. Кеше ол еркін жаттығуларда да күміс иеленген еді.