Петропавлда өрттен 27 адам, оның ішінде 15 бала құтқарылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Петропавлда өрттен 27 адам, оның ішінде 15 бала құтқарылды / Фото: Shutterstock

Төтенше жағдайлар министрлігі Петропавлдағы көпқабатты үйден 100-ден астам адам эвакуацияланғанын хабарлады. Ведомство өрттің 2-ші Первомайская көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде болғанын атап өтті. Тілсіз жау үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан.

«Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Құтқару жұмыстары барысында түтін басқан кіреберістен баспалдақ маршы арқылы құтқару қалқандарын қолданумен 27 адам, соның ішінде 15 бала құтқарылды. Сонымен қатар, үйден 76 адам эвакуацияланды, олардың 23-і – балалар», – делінген құтқарушылардың хабарламасында.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Щучинскідегі газ баллонының жарылысы мен Семейдегі балалар ойын-сауық орталығындағы өрттен кейін Премьер-министр Олжас Бектенов ТЖМ мен әкімдіктерге өңірлердегі өрт қауіпсіздігін күшейтуді тапсырғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз