Жаңалықтар

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Дияр Нургожай, UFC, Рафаэль Тобиас, Макс Холлоуэй, Чарльз Оливейра
Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді / Фото: Telegram/@vestnik_mma

Лас-Вегаста өтіп жатқан UFC 326 турнирінде қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай бразилиялық Рафаэль Тобиасты жеңді.

Жекпе-жек толық үш раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан (30-27, 29-28, 29-28) жеңіске Дияр Нұрғожайға лайық деп тапты.

Бұл жеңіс қазақстандық спортшы үшін промоушендегі алғашқы табыс болды. UFC-дегі алғашқы екі кездесуінде ол Брендсон Рибейро мен Ұран Сатыбалдиевтен мерзімінен бұрын жеңіліп қалған еді.

Дияр Нұрғожай кәсіпқой карьерасында барлығы 13 жекпе-жек өткізіп, оның 11-інде жеңіске жеткен. 2024 жылдың қазан айында ол Dana White’s Contender Series турнирінің жеңімпазы атанып, содан кейін UFC-мен келісімшартқа отырған болатын.