Air Astana мен FlyArystan 10 наурызда Дубайда қалып қойғандарға ұшақ жібереді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Дубай / фото: FlyArystan
Дубай / фото: FlyArystan

Air Astana компаниясы 10 наурызда Дубайда қалып қойғандарды елге әкелу үшін рейстерді іске қосатынын хабарлады.

«Air Astana компаниялар тобы Біріккен Араб Әмірліктерден 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын алып кету үшін 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр», – делінген хабарламада.

Репатриациялық рейстер Оман астанасы Маскат арқылы кестеге сәйкес орындалмақ.

KC2264 Маскат-Алматы рейсі ұшып шығу 12:30, ұшып келу 17:40.

KC2258 Маскат-Алматы рейсі ұшып шығу 14:30, ұшып келу 19:40.

KC2254 Маскат-Алматы рейсі ұшып шығу 16:30, ұшып келу 21:40.

Мұнда жергілікті уақыт көрсетілген. Жолаушыларға Дубайдан Маскатқа тегін трансфер ұсынылады.

«Әуе компаниялар тобы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауды және қазақстандықтардың отанына қауіпсіз оралуы үшін күш салуды жалғастырып жатыр. Трансфер бойынша жолаушылардан билеттерді сатып алу орны бойынша туроператорларға немесе әуе компаниялардың байланыс орталықтарына хабарласуларын сұраймыз», – делінген ақпаратта.

Айта кететін жайт, 8 наурызға қараған түні 11 рейс Таяу Шығыстан қазақстандықтарды елге жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз