Lifestyle

Шыныққан бөксе тілеймін – Меруерт Түсіпбаеваның тренері күлкіден жарды

Меруерт Түсіпбаева / Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva
Меруерт Түсіпбаева / Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva

Меруерт Түсіпбаева әйелдер мерекесінде тренерінің тілегіне күлкіден жарылды. Әнші үшін бұл ерекше әрі қызық құттықтау болды.

«Қалайсыздар, достар! Менің бүгінгі тренерімнің Арудың айтқан тілегін жақсылап тыңдап алыңыздар!» – деді Меруерт Түсіпбаева.

Әнші тренерінен айтқан тілегін камераға қайталауды өтінді. Аздап қысылғанымен, Ару тілегін тосылмай айтып берді.

«Бәріңізге шын жүрегімнен үлкен, шыныққан бөксе тілеймін. Майларыңыз аз, бұлшық еттеріңіз көп болсын!» – деді тренер Ару.

Меруерт Түсіпбаева да тренерінің сөзін құп көріп, оқырман аруларына шыныққан бұлшықет тіледі.  

Мұның алдында әнші өзінің «қара тізімге» ілінгенін, шындықты айтса, елден кетуге мәжбүр болуы мүмкін екенін айтқан еді.