Танагөз ақынға бұрынғы күйеуі Дәурен Берікқажыұлы қолдау білдірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Дәурен Берікқажыұлы / фото: facebook
Дәурен Берікқажыұлы / фото: facebook

Танагөз Толқынқызының әлеуметтік желідегі даулы жазбасына бұрынғы күйеуі, ақын Дәурен Берікқажыұлы қолдау білдірді.

Ол Танагөзге сын айтушылардың әрекетін «жай ғана іштарлық» деп бағалап отыр.  Кейбіреулер «ұнамаса, көшіп кетсін» деп соншама ұшқары пікір айтып тым арзандаған.

«Жақсылы-жаманды ширек ғасырға жуық өмірді бірге сүрдік қой, Танакөзді менен артық кім біледі расында. Рас, дәм-тұзымыз жараспаған шығар, артық-кем сөз айтылған шығар, бірақ жеке бастың жан күйзелісі болмаса, оның бірде біреуін атын атап, түсін түстеп әлеумет талқысына салған емеспін осы күнге дейін», – деп жазды Дәурен Берікқажы.

Оның айтуынша, Танагөздің жазбасы өткен өміріміздің шындығынан, бүгінгі тірлігіміздің сұмдығынан туған. Дәурен Берікқажы бұрынғы әйелінің бес ерлігін тізіп шыққан. Танагөз ақын дін өкілдерінің қазақы наным-сенімдерді жоққа шығаруға бағытталған әрекеттерін әшкерелеп мақала жазғанын, студент шағында қазақ тобын орыс тілінде оқытуға қарсылық көрсетіп, деканнан құқай көргенін, шәкіртақыны кешіктірген ректорды әшкерелегенін, «Болашақ» бағдарламасын машақатпен жеңіп алғанын, ащы мақалалары үшін жазушылар тарапынан қысым көргенін тәптіштеп жазған.

«Айтайын дегенім, бұл оның көрген сансыз қиянатының қапелімде есіме түсіп жатқан бір парасы ғана. Фейсбукке тіркелгеннен кейін «батырлығы» есіне түсіп, сөйлеу деген осы екен деп «тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» «ұрып» жатқан ағайынға айтарым, артық кетпейік», – деп сабырға шақырды Дәурен Берікқажы.

Мұның алдында Танагөз Толқынқызы «қазақ ұлты тәуелсіздігін сақтай алмайды» деп ұлттың «кемшіліктерін» тізіп шыққан еді. Бұл әлеуметтік желіде қызу талқы тудырды.  

Мұның алдында Танагөз Тоқынқызының ақын болып қалыптасуына ықпалын тигізген мектеп туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз