Lifestyle

Үшінші рет үйленген актер Әбілмансұр Серіков қалыңдығын көрсетті

Screenshot

«5:32» телехикаясы арқылы көрерменнің ыстық ықыласына бөленген актер Әбілмансұр Серіков жеке өміріндегі айтулы жаңалығын бөлісті.

Актрисаның жариялаған суретінен жұптың мешітте неке қию рәсімін өткізгенін аңғаруға болады. Суреттің астына ол:

Өмірімнің жаңа парағы» деп қысқа қайырып, жүрекжарды жазба қалдырды.

Әбілмансұрдың таңдауы Гулия Ұзақбаева есімді ару. Гулия да өнер саласынан алыс емес, кәсіби актриса. Оқырман қауым мен әріптестері жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып, «Бақытты болыңдар!», «Керемет жұп» деген пікірлерді қарша боратты.

Ескерте кетейік, актер осымен үшінші мәрте үйленіп отыр.