Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Автобусы
Делия Айдаралиева бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

15 наурызда Алматы қаласында қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Қала әкімдігінің мәліметінше, мұндай шешім республикалық референдумның өткізілуіне байланысты қабылданды.

Тегін жол жүру қалалық қоғамдық көліктің барлық түріне қатысты. Яғни, тұрғындар мен қала қонақтары автобус, троллейбус және Алматы метрополитені қызметін бір күн бойы ақысыз пайдалана алады.

Жолаушылар жолақы төлеу тәсіліне немесе қолданылатын электронды билет жүйесіне қарамастан қоғамдық көліктерде еркін жүре алады.

Бұл бастама қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ дауыс беру күні қала бойынша еркін қатынауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр.

Еске сала кетейік, 15 наурыз күні Республикалық референдум өтеді. Бұған дейін, Астана мен Алматы тұрғындары тіркелген сайлау учаскесілерін онлайн тексере алады.

Сондай-ақ оқыңыз