
Алматы қаласының Алатау ауданында тұрғындар қоқыс алаңынан жануарлардың қалдықтарын тапты.
Олардың айтуынша, сегіз иттің де терісі сыпырылған.
Куәгерлердің айтуынша, сол жерден түлкі бастары, биологиялық қалдықтарға толы қаптар және көп мөлшерде аң терісі де табылған. Сыртқы белгілеріне қарағанда, жануарлар бөлшектелген болуы мүмкін.
Тұрғындар қоқыс тасталған жерге дейін апаратын жаңа автомобиль доңғалақтарының іздерін де байқаған. Олардың пікірінше, жануарларды бұл жерге көлікпен әкеліп тастаған болуы мүмкін.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, жануарлардың қалдықтарын алып кеткен. Құзырлы органдар бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлады. Полиция мұндай фактілердің ерекше бақылауда екенін және оқиғаның барлық мән-жайы қолданыстағы заңнама аясында мұқият тексерілетінін атап өтті.
Жергілікті тұрғындар бұл іс бойынша полицияға, прокуратураға, әкімдікке және ветеринария басқармасына ресми түрде өтініш жолдап, жан-жақты тергеу жүргізуді талап етпек.
Айта кететін жайт, Семейде қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылған еді.