
Астана мектеп оқушылары 11 наурызда қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды елордалық білім басқармасы.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты (желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуі) 11 наурызда бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9-сыныптан кейін оқуға түскендер) қашықтан оқыту форматына көшеді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 10 наурызда, қатты желге байланысты екінші ауысымдағы 0–8 сынып оқушылары қашықтан оқыған болатын. Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның басқа аймақтарында да мектептегі сабақтар тоқтатылды.
«Қазгидромет» мәліметінше, 11 наурызда Астанада күн райы құбылмалы болады. Қар жауып, желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді деп күтілуде. Ауа температурасы түнде -27…-29°C, күндіз -13…-15°C болады.