
Өзбекстанның Қоқан қаласында 17 жастағы Хуршид Хайдаровтың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты.
Kun ақпаратына қарағанда, бұған дейін тергеушілер жасөспірімнің өлімін «суицид» деп қарастырған. Алайда жәбірленуші түсінде марқұм ұлын көрген.
Ол: «Өз-өзіме қол салған жоқпын. Мені өлтіріп, теміржолға тастады», – деп аян берген.
Осыдан кейін әйел іс қайта қарауға қол жеткізіп, кісі өлтіру фактісі ашылған.
Бұл іс бойынша, үш жасөспірім сотталды. Екеуі қасақана кісі өлтіру, мәйітті қорлау және ұрлық үшін, ал тағы бірі қылмысты хабарламағаны үшін кінәлі деп танылды.
Тергеу дерегінше, 2025 жылғы 20 маусымда Шохжахон Ганиев пен Муртозхон Мансуров Хайдаровты далаға шақырып, бірге сыра ішкен. Кейін Ганиев әкелген желімді иіскеткеннен кейін жігіт әлсіреп қалған. Сол кезде Ганиев оны тұншықтырып өлтіріп, Мансуров қарсыласуына мүмкіндік бермей аяғынан ұстап тұрған.
Қылмысты жасыру үшін олар марқұмның денесін теміржолға апарып тастаған. Сол түні «Қоқан–Пап» бағытымен жүрген жүк пойызы мәйітті басып өткен.
2026 жылғы 26 ақпанда сот Шохжахон Ганиевті 12 жылға, Муртозхон Мансуровты 10,5 жылға бас бостандығынан айырды. Ал қылмыс туралы хабарламаған Мухаммадфаёзхон Якубов 3 жылға сотталды.
Айта кететін жайт, алтын әшекейлерін бірнеше ай бұрын күйеуіне айтпай сатып жіберген әйел полицияға «маска киген біреу тонап кетті» деп жалған ақпарат берген.