Павлодар облысындағы ферроқорытпа зауытының мұжасы желден құлады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
ЧП на АЗФ
Павлодар облысындағы ферроқорытпа зауытының мұжасы желден құлады / Фото: куәгердің видеосынан скрин

Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында екпінді желдің салдарынан мұржаның бір фрагменті құлап түсті. Аймақ тұрғындары оқиға орнынан түсірілген видеоны мессенджерлер арқылы бір-біріне таратуда.

Айта кетейік, зауыт Eurasian Resources Group (ERG) құрамына кіретін «Қазхром» компаниясына тиесілі. «Қазхромның» баспасөз қызметі төтенше жағдай туралы ақпаратты растап, оқиға №1 балқыту цехында болғанын нақтылады. Онда №15 пештің түтін мұржасының фрагменті құлаған.

«Зардап шеккендер жоқ. Оқиға локальді сипатқа ие және өндірістік процеске әсер еткен жоқ. Аталған нысанды техникалық тексеру белгіленген мерзімде – 2023 жылы жүргізілген болатын», – деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ауа райы жағдайына байланысты кәсіпорында жедел штаб құрылып, жауапты қызметтердің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыз