Жаңалықтар

Польшада жоғалған қазақстандық әйелден хабар бар ма

фото: Halyqstan телеграм арнасынан скрин

Польшада жоғалып кеткен қазақстандық әйел әлі де іздестіріліп жатыр. Бұл жайлы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты.

«Польша тарапына сауал жолданды. Қазір іздестіру жұмыстары жүргізілуде, мәселе елшілік бақылауында тұр», – деді ол.

Еске салайық, ақпанның соңында  Екатерина Шилова есімді әйелдің Польшада жоғалып кеткені хабарланған еді. Ол Варшавадан Астанаға ұшып шығуы керек еді, бірақ рейске отырмаған. 19 ақпаннан бері байланысқа шыққан жоқ.

Екатерина әпкесі Ирина (суретте) Бас прокуратураға үндеу жасап, бауырын табуға көмектесуін өтінді.