Жаңалықтар

Қырғызстанда 3 апта бұрын тағайындалған министр қызметінен кетті

Қырғызстанда 3 апта бұрын тағайындалған министр қызметінен кетті / Фото: Қырғызстен Жоғарғы кеңесі

Қырғызстанда президенттің жарлығымен төтенше жағдайлар министрі Урматбек Шамырканов атқарып отырған қызметінен босатылды.

Президенттің баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов әлеуметтік желідегі парақшасында отставканың себебін түсіндірді.

«Жаңа министрді қызметінен босатуға Урматбек Шамырканов ТЖМ басшысының орынбасары болып тұрған кезде «пара алды» деген күдікке ілінуі себеп болды», – деп жазды ол.

Мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың жазында ол осы министрлік бөлімшелерінің бірінің қызметкерінен лауазымын өсіру үшін пара талап еткен. Қызметкердің айтуынша, ол келісілген соманың жартысын сол кездегі ТЖМ басшысының орынбасары У. Шамыркановтың электронды әмиянына аударған.

«Шамырканов министр болып тағайындалғаннан кейін, әлгі қызметкер соманың қалған бөлігін бере алмайтынын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, осыдан кейін министр оны Баткен облысындағы бөлімшеге қызметке ауыстырып жіберген. Қызметкер президент Садыр Жапаровтың атына арыз жазды», — деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы.

Қырғызстан басшысы Бас прокуратураға арызда көрсетілген айыптауларды тексеруді тапырды. Тексеру нәтижесінде шағымдағы деректер расталды.

Айта кетейік, Урматбек Шамырканов 2026 жылдың 19 ақпанында Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалған.