Қызылша қайта өрши бастады
Жарияланды

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, эпидемиологиялық мониторинг жұқтырғандар санының өскенін көрсеткен.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Министрлік ақпаратынша, бұл жас балалардың вакцинация алмауымен байланысты.
Қызылша жұқтыру бойынша жағдайды тұрақтандыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр.
«2026 жылдың басынан бері елде қызылшаның 4 184 жағдайы тіркелді. Ауру жұқтырғандардың 83,8%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Өткен аптада сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 1,3 есеге артты», – делінген хабарламада.
Министрліктің дерегінше, жұқтырғандардың 77%-ы – екпе алмаған. Ата-аналар вакцинадан бас тартқан.
Мұның алдында елде қызылшаға қарсы қосымша екпе басталатыны белгілі болды.