
Референдумда дауыс беру кезінде азаматтар басқа қазақстандықтардың жеке дерегін көре алмайды. Бұл туралы орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.
Сөзінше, әр өңір бұған өзі дайындалады. Азамат дауыс беруге арналған бюллетеньді алған кезде аты-жөні көрсетілген тұсқа қол қояды. Сол кезде басқа азаматтардың жеке дерегін көрмеуі керек.
Айта кетейік, Конституцияны өзгертуге қатысты референдум 2026 жылдың 15 наурызында өтеді.
Референдумда «Жобасы БАҚ-та 2026 жылдың 12 ақпанында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ қойылады.