Тағы бір қазақ қызы Вьетнамда жоғалды, СІМ мәлімдеме жасады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Вьетнам қазақ қызы
фото: әлеуметтік желіден

Вьетнамда 26 жастағы Әсем есімді қазақ бойжеткені жоғалып кетті. Туыстары оны алтыншы наурыздан бері іздестіріп жатыр деп жазады Kursiv Media.

Осыған қатысты СІМ мәлімдеме жасады.

«Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі азаматтың туыстарымен байланыста және Вьетнамның құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасап жатыр. Қазіргі уақытта оның орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Жағдай ҚР СІМ-нің бақылауында», – делінген ведомство хабарламасында.

«Біреулер аңдып жүр»

Әсемнің жоғалғаны туралы оның әпкесі әлеуметтік желіде хабарлады. Оның сөзінше, сіңлісі алтыншы наурызда Ханойға ұшып барып, қазақ консулымен кездесуі керек еді. Бірақ әуежайға баруына шамамен 20 шақырым қалғанда Әсеммен байланыс үзіледі. Ол артынан біреулер аңдып жүргенін айтып, қатты қорқып жүрген.

Туыстары Вьетнамда не көрші елдерде жүрген қазақстандық туристерден көмек сұрайды. Әсіресе WhatsApp пен Telegram-дағы туристік және жергілікті қоғамдастықтарға (чаттарға) баса назар аударуды сұрайды

Ақпанда тағы бір қазақстандық азамат Польшада жоғалған. Екатерина Шилова есімді әйел Варшавадан Астанаға ұшпақ болған жерінен байланысқа шықпай қойды, рейске де отырмаған. Оның туыстары Бас прокуратурадан істі бақылауға алуын өтінеді.

Сондай-ақ оқыңыз