Таразда жолаушы автобус жүргізушісін жарақаттады
Жарияланды

Таразда жолаушылардың бірі автобус жүргізушісін жарақаттады. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Ол жерде жолаушының қолында пышақ болғаны айтылды.
Куәгерлердің айтуынша, мас жолаушы автобус жүргізушісінен жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан әрі қарай да жүруін талап еткен. Екі ер адам арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде 40 жастағы ер адам 59 жастағы автобус жүргізушісіне пышақ сұққан.
«Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаменті.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.