Таяу Шығыстағы соғыс: СІМ баруға болмайтын елдердің тізімін жариялады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Израиль мен Иран арасындағы әскери қақтығыс
фото: shutterstock

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдар жалғасып, көптеген ел әуе кеңістігін жаппақына байланысты ел азаматтарына үндеу жолдады.

«Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-әрекеттер толық тоқтағанға дейін келесі елдерге барудан бас тартуға қатаң түрде ұсынамын: Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, БАӘ, Оман және Сирия», – деді Жетібаев.

Сонымен қатар ҚР СІМ осы елдерде жүрген азаматтарды жеке қауіпсіздігін күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, соның ішінде зымырандар қаупі туындаған жағдайда дереу паналау орнына баруға кеңес береді. Одан бөлек Қазақстан елшілігімен, туроператорларымен тұрақты байланысты болуға шақырады.

«Ұсынымдарға қарамастан жекелеген азаматтар сол аймаққа баруға әрекеттенуде. Осыған байланысты азаматтарды жағдай толық тұрақталғанға дейін мұндай сапарлардан бас тартуға шақырамыз», – дейді ол.

Айта кетейік, Таяу Шығыс елдерінен 8,5 мыңнан аса қазақстандық елге оралған. СІМ хабарлауынша, азаматтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салсақ , 2026 жылдың 28 ақпанында Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады.

Сондай-ақ оқыңыз