Жаңалықтар

Тоқаев Иранның БАӘ-ге жасаған шабуыл әрекетін айыптады

Тоқаев Иранның БАӘ-ге жасаған шабуыл әрекетін айыптады / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктеріне зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуыл әрекеттерін айыптады. Аталған оқиға салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға зиян келген.

Мемлекет басшысы мұндай әрекеттер Таяу Шығыстағы жағдайды одан әрі ушықтыратынын айтып, қарулы қақтығысты күшейтетін қадамдарды еш ақтауға болмайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең тиімді жолы – дипломатиялық тәсілдер екенін айтып, тараптарды бейбіт диалогқа шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Әзербайжанның Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ресми ұстанымын білдірген еді.