
Канаданың Торонто қаласындағы АҚШ консулдығының жанында сейсенбі күні таңертең атыс дауыстары естілді, деп хабарлайды Reuters.
Полиция атыс қаруының қолданылғанын растайтын айғақ тапты, зардап шеккендер жоқ. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шақырту жергілікті уақыт бойынша таңғы 5:29-да түскен. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, тергеу амалдары жалғасуда. Ықтимал күдікті мен оқиғаның себептері туралы әзірге ақпарат жоқ.
АҚШ-тың Торонтодағы консулдығы мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері орын алған жағдайға қатысты әлі пікір білдірген жоқ.
Оқиға американдық дипломатиялық нысандардың қауіпсіздігіне төнген басқа да қатерлер аясында болып отыр. Мәселен, жексенбі күні Ослода АҚШ елшілігі ғимаратының жанында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы іске қосылды.