Түркістанда 3 жасар бара дәретханаға түсіп кетті

Жарияланды
фото: Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысы Ақниет ауылында 3 жасар бала жеке тұрғын үйдің ауласындағы дала дәретханасына құлап түскен. Абырой болғанда оны жақындары уақытылы көріп қалып, төтеншеліктерді көмекке шақырған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, баланы тұрғындар өздігінен сыртқа шығара алмаған.

«Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары жіберілді. Құтқарушылар баланы шығарып алып, оны 103 қызметінің мамандарына тапсырды» делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Төтеншеліктер балаларды қысқа уақытқа да қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.

Осыған дейін Сингапурде дәретхана кезегіне таласып, соңы өліммен аяқталған жанжал туралы жазып едік. Екі ер адам кезекке таласып, төбелесіп, 73 жастағы Чу оқиға орнында қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз